AutoCAD — Autodesk компаниясы жасаған екі және үш өлшемді автоматтандырылған жобалау жүйесі. Ең бірінші нұсқасы 1982 жылы желтоқсанда шықты. Басында дискілік операциялық жүйелерге арналған бұл бағдарлама кейін басқа платформаларға да шықты, оның ішінде классикалық Mac OS (1992), Microsoft Windows (1992), веб-браузерлер (2010), iOS (2010), macOS (2010) және Android (2011).